Металл конструкцияларын, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалау
Металл конструкцияларынан жасалған ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі, технологиялылығы және пайдалану сапасы жобалық шешімдердің сапасымен айқындалады. «Ақтөбе металл конструкциялары зауыты» АҚ-ның конструкторлық бөлімі өндірістік ғимараттар мен құрылыстарға, стандартты емес металл конструкцияларына, атмосфералық қысымда жұмыс істейтін силостар мен сыйымдылықтарға және түрлі мақсаттағы басқа да нысандарға арналған КМ және КМД сатыларының жобаларын әзірлеумен айналысады. Біздің кәсіпорында жобалау тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасы немесе тұжырымдамасы негізінде кез келген күрделіліктегі нысандардың дәл, егжей-тегжейлі және конструкциялауға ыңғайлы 3D-модельдерін жасауға мүмкіндік беретін ең жаңа интеграцияланған бағдарламалық өнімдерді пайдалана отырып жүргізіледі.
Жобалау процесі нысанның қалыптастырылған 3D-моделінің беріктік есебін, профиль қималары мен қолданылатын металл сортаментін оңтайлы таңдауды, КМ сатысының конструкторлық құжаттамасын әзірлеуді, КМД сатысының жұмыс құжаттамасын генерациялауды, бекіткіш бұйымдар ведомосы мен металл ведомосын қалыптастыруды қамтиды.
Біздің мамандардың бейінді білімі және конструкторлық жұмыста үлкен практикалық тәжірибесі бар, олар жобалаудың жаңа технологияларына мерзімді оқу арқылы біліктілігін үнемі арттырып отырады.
Алдын ала эскиз немесе тұжырымдама сатысынан бастап жобалауға кешенді тәсілді қолдану тапсырыс берушінің барлық тілектерін ескере отырып конструкцияны барынша оңтайландыруға, типтік жобаларды дараландыруға, стандартты емес конструкторлық шешімдерді қолдануға мүмкіндік береді.



