
Толық жиынтықты ғимараттардың конструкциялары үш қабатты «Сэндвич» типті қабырға және шатыр панельдерінен және қосымша элементтерден (жапқыштардан) тұратын қоршауы бар, металл конструкцияларынан жасалған бір аралықты немесе көп аралықты қаңқа болып табылады. Мұндай типтегі ғимараттар тез тұрғызылатын өндірістік цехтар, қойма үй-жайлары, спорт құрылыстары, сауда және көрме кешендері, әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар ретінде пайдаланылады. Металл конструкцияларын ғимараттың көтергіш құрылымы ретінде қолдану іс жүзінде кез келген сәулет-құрылыс шешімдерін жүзеге асыруға және күрделі кеңістіктік конфигурациясы бар көп деңгейлі ғимараттар тұрғызуға мүмкіндік береді. Ғимараттар мен құрылыстар көпірлі крандарды монтаждауға арналған кран асты арқалығымен және кран рельсімен, қосалқы баспалдақтармен, алаңдармен, галереялармен және эстакадалармен жинақталуы мүмкін.
Өндірістік алаңдар мен цехішілік жабдықтар ірі габаритті конструкциялардың тораптары мен элементтерін бақылау құрастыруын жүргізуге мүмкіндік береді, бұл конструкцияларды тікелей нысанда монтаждауға байланысты мерзімдер мен шығындарды айтарлықтай қысқартады.
Сапа стандарттары
Металл конструкцияларын дайындау ГОСТ 23118-99 талаптарына сәйкес тапсырыс беруші ұсынған сызбалар бойынша не тапсырыс берушінің өтінімі мен техникалық тапсырмасы негізінде зауыттың конструкторлық бөлімі әзірлеген сызбалар бойынша жүргізіледі.
