«AZM» АҚ

Бос орындар

Өндірістің кеңеюіне байланысты және кадр резервін қалыптастыру мақсатында «Ақтөбе металл конструкциялары зауыты» АҚ орта арнаулы және жоғары техникалық білімі бар мамандарды, сондай-ақ механикалық (машина жасау) кәсіпорындарында жұмыс тәжірибесі бар мамандарды мынадай бос орындарға жұмысқа орналастыру мүмкіндігі туралы хабарлайды:

  • Инженер-технолог (машина жасау, металл өңдеу)
  • Инженер-конструктор (AutoCAD бағдарламасын білу)
  • Дәнекерлеу өндірісі учаскесінің шебері
  • Металл конструкцияларын құрастыру учаскесінің шебері
  • Дайындау-механикалық учаскесінің шебері
  • Флюс астында/СО2 ортасында автоматты/жартылай автоматты дәнекерлеу электр дәнекерлеушісі (5-6 разряд)
  • Электргаздәнекерлеуші (4-6 разряд)
  • Металл конструкцияларын құрастыру слесарі (4-6 разряд)
  • Токарь (5-6 разряд)
  • Фрезерлеуші (5-6 разряд)
  • Механикалық жабдықты жөндеу слесарі
  • Электр жабдықтарын жөндеу слесарі

Кәсіпорында қызметкерлер үшін жайлы еңбек жағдайлары жасалған: қызметтік автокөлікпен тегін жеткізу, өндірісте тамақтану, қызметкерлерді міндетті медициналық сақтандыру.

Қызметкерлерді салауатты өмір салтына баулу мақсатында кәсіпорында спорттық іс-шаралар өткізіледі.

Лауазымдық жалақының ең төменгі және ең жоғары мөлшерлерінен, ең төменгі және ең жоғары тарифтік мөлшерлемелерден басқа, «Ақтөбе металл конструкциялары зауыты» АҚ-да еңбекақы төлеудің мерзімдік-сыйлықақылық жүйесі қарастырылған.

Ең перспективалы әрі өршіл қызметкерлерге кәсіби ғана емес, мансаптық өсу мүмкіндігі де беріледі.

Кадрлар бөлімі

Қосымша ақпарат алу үшін “Ақтөбе металл конструкциялары зауыты” АҚ кадрлар бөліміне немесе мына телефон арқылы хабарласыңыз: +7 (777) 602-59-50 немесе поштаға market@azm.kz