Монтаждау
3DҒимарат қаңқасын монтаждауБұру үшін тартыңыз
«Ақтөбе металл конструкциялары зауыты» АҚ бөлімшесі орындайтын құрылыс-монтаждау жұмыстарының құрамына мыналарды монтаждау кіреді:
- кез келген күрделіліктегі ғимараттар мен өнеркәсіптік құрылыстардың металл конструкциялары;
- қабырға және шатыр сэндвич-панельдері мен қосымша элементтер;
- стандартты емес технологиялық құрылыстар мен жабдықтар;
- іргетастар мен темірбетон конструкциялары;
- өнеркәсіптік қақпалар, терезелер мен есіктер;
- сондай-ақ өнеркәсіптік едендер мен көп қабатты шатыр жүйелерін орнату.
Монтаждау жабдықтарымен, арнайы құрылыс және жүк көтергіш техникамен техникалық жарақтандыру, персоналдың жоғары біліктілік деңгейі, монтаждау процесін тиімді ұйымдастыру белгіленген құрылыс мерзімдерін мүлтіксіз сақтай отырып, монтаждау жұмыстарының жоғары сапасының кепілі болып табылады.
«Ақтөбе металл конструкциялары зауыты» АҚ-ның монтаждау бөлімшесі тұрғызған ғимараттар мен құрылыстардың тізбесіне өнеркәсіптік, сауда, қойма және мәдени-спорттық мақсаттағы нысандар кіреді.




